Мақалада спорттық бал биінің «Формейшн» бағытының даму тарихы қарастырылып, осы бағыттағы бишілерді дайындаудың нақты концепциясы ұсынылады. Зерттеу бақылау мен талдау, әдебиеттерді зерттеу, сұхбаттар және тәжірибелер әдістерімен жүргізілді. Зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы – Қазақстан материалдары негізінде спорттық бал билерінің қалыптасуы мен даму процесін жүйелеуге тырысуында. Автор би дамуының кезеңдерін (1968–1978 жылдары – бастапқы кезең, 1978–1988 жылдары – клубтық жүйенің белсенді жүзеге асырылу кезеңі, ғасырлар тоғысы – еуропалық және латын америкалық бағдарламаларға қызығушылық кезеңі) ұсына отырып, 2011 жылы "Bomond Empire" клубы командасының құрылуындағы оң тәжірибені бағалап, Қазақстанда «Формейшн» бағытының әлсіз дамуын байқады. Осы спорттық бал биінің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді (ересек бишілердің жетіспеушілігі, шеберлік деңгейінің стандарттарға сәйкес келмеуі және бапкерлер арасындағы мотивацияның төмендігі) талдап, автор 9–11 жас аралығындағы "Ювеналдар" санатына бейімделген "Формейшн" бағдарламасының жеке тексерілген концепциясын ұсынады. Автордың пікірінше, концепцияның негізгі қағидалары – ынтымақтастықты, сенімділікті және артистизмді дамытуға бағытталған командалық жұмыс және жүйелі көзқараспен жаттығуларды ұйымдастыру.
Түйінді сөздер: спорттық бал биі, «формейшн», би және спорт клубы, «ювеналы», команда.
В статье рассматриваются история развития спортивного бального танца «Formation», предлагается конкретная концепция подготовки танцоров данного направления. Исследование проводилось методами наблюдения и анализа, изучения литературы, интервью и экспериментов. Актуальность и новизна исследования заключается в попытке систематизировать процесс становления и развития спортивных бальных танцев на казахстанском материале. Предлажив собственное видение этапов развития танцев (1968-1978 годы – начальный период, 1978-1988 годы – время активной реализации клубной системы, рубеж веков - интерес к европейской и латиноамериканской программе), оценив позитивный опыт создания команды клубом "Bomond Empire" в 2011 году, автор статьи наблюдает слабое развитие «Formation» в Казахстане. Проанализировав проблемные моменты, препятствующие продвижению этого вида спортивного бального танца (нехватка взрослых танцоров, несоответствие уровня мастерства стандартам и низкая мотивация среди тренеров), автор излагает индивидуально-апробированную концепцию программы "Formation", адаптированную на категории "Juvenile" (9-11 лет). Основными принципами концепции автор называет командную работу, направленную на развитие солидарности, уверенности и артистизма, и системный подход к тренировкам.
Ключевые слова: спортивные бальные танцы, «формейшн», танцевально-спортивный клуб, «ювеналы», команда.
The article examines the history of the development of the sports ballroom dance style "Formation" and proposes a specific concept for training dancers in this direction. The research was conducted using methods of observation and analysis, literature review, interviews, and experiments. The relevance and novelty of the study lie in the attempt to systematize the process of formation and development of sports ballroom dances based on Kazakhstani material. Presenting its own vision of the stages of dance development (1968–1978 as the initial period, 1978–1988 as the time of active implementation of the club system, the turn of the century as an era of interest in European and Latin American programs), the article evaluates the positive experience of forming a team by the "Bomond Empire" club in 2011 and notes the weak development of "Formation" in Kazakhstan. After analyzing the problematic issues hindering the promotion of this type of sports ballroom dance (lack of adult dancers, mismatch of skill levels to standards, and low motivation among coaches), the author presents a personally-tested concept of the "Formation" program adapted for the "Juvenile" category (ages 9–11). The main principles of the concept, according to the author, are teamwork aimed at developing solidarity, confidence, and artistry, as well as a systematic approach to training.
Key words: sports ballroom dancing, «formation», dance sport club, «juveniles», team.
Naurazbayeva Zh.T., STAGES OF EMERGENCE AND FORMATION OF NEW TRENDS IN BALLROOM DANCING («FORMATION»). Scientific journal «ARTS ACADEMY» №1(9)2024. DOI:10.56032/2523-4684.2024.1.9.5