Scientific journal «ARTS ACADEMY»

Authorization

Enter your e-mail

We will send you a link to login to the site

Menu

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ АКТЕРДІҢ БЕЙНЕСІН ЖАСАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ (Ч. ЧАПЛИН ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

11 december 2023 y.
ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ АКТЕРДІҢ БЕЙНЕСІН ЖАСАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ (Ч. ЧАПЛИН ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)
Number in PDF format - Download
PDF article - Download
DOI:10.56032/2523-4684.2023.4.8.45

Чарли Чаплиннің кинофильмдердегі образы әлемді таңғалдырып, оның өмірбаяны мен шығармашылық қабілеті, образ тудырудағы актерлік шеберліктері туралы мақалалар жазылды, ескерткіштер орнатылды. Ал Чарли Чаплинге арналған спектакльдер соншалықты көп емс. ТМД көлемінде Санкт-Петербурге қойылса, қазақ сахнасында тұңғыш рет 2022 жылдың қазан айының 9-күні Астанада Әзірбайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театры сахналады. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – әлемдік тұлғаның өмірі мен шығармашылық қырларын өнер арқылы көрсетудегі қазақ театрының басты бағыттарын зерделеу, ізденістеріне талдау жасау. Зерттеудің, жалпы сазналық қойылым ұсынудың негізгі дереккөздері – актердің кинофильмдері, шығармашылық еңбектері, автобиографиясы және замандастарының естеліктері, ғылыми мақалалар. Зерттеудің маңызы – қазақ театр сахнасындағы жаңалықты дер кезінде ғылыми айналымға қосу, ұсынылған қойылымның ерекшеліктерін талдауға арналады.
«Чарли Чаплин» қойылымының басты кейіпкері тарихи тұлға, көрермендердің «табынушылығын» тудырған тұлға болғандықтан, нақты деректер негізге алынды, яғни шығармашылық өмірбаян арқау болды.
Мақала авторы «кішкене қаңғыбас» образының тууы және қазақ сахнасындағы алғашқы Чарли Чаплин образының ерекшеліктері тұрғысында зерттеген.
Түйінді сөздер: актер, кейіпкер, образ, режиссер, кино, театр, қойылым.

В статье проанализированы первые выступления на казахской сцене всемирно известного образа Чарли Чаплина, ход постановки, особенности, способы создания образа. Были проанализированы события, которые повлияли на превращение личности в «культовую фигуру» актера, начавшегося в его жизни, автобиографии, оставленной им автором, интервью с коллегами, женами и научных статей об
актере. В ходе постановки были затронуты проблемы, трудности, знакомство театральной труппы с ранее не встречавшимся процессом работы, специфика стиля работы от других приглашенных режиссеров. Из проведенных исследований об актере мы знаем, что нововведения, внесенные актером в киноиндустрию, до сих пор не утратили своей актуальности, образ «Маленького Бродяги», предложенный автором, стал причиной появления популярных до сих пор смешных образов. События оказавшие влияние на творчество актера, анализируется рождение образа главного героя актера «Маленький Бродяги» и первый образ Чарли Чаплина на казахской сцене.
Ключевые слова: актер, персонаж, образ, режиссер, кино, театр, постановка.

The article analyzes the first performances on the Kazakh stage of the world-famous image of Charlie Chaplin, the course of the production, features, ways of creating the image. The events that influenced the transformation of a personality into a "cult figure", an actor who began in his life, an autobiography left by the author, interviews with colleagues, wives and scientific articles about the actor were analyzed. During the production, problems, difficulties, familiarity of the theater troupe with a previously unknown work process, the specifics of the style of work from other invited directors were touched upon. From the research conducted about the actor, we know that the innovations introduced by the actor into the film industry have not yet lost their relevance, the image of the "Little Tramp" proposed by the author has caused the appearance of still popular funny images. Through the events that influenced and influenced the actor's work, the birth of the image of the main character of the actor "the little tramp" and the first image of Charlie Chaplin on the Kazakh stage are analyzed.
Key words: actor, character, image, director, cinema, theater, production.

How to quote

А.Н. Жақсығали, ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ АКТЕРДІҢ БЕЙНЕСІН ЖАСАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ (Ч. ЧАПЛИН ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА). «ARTS ACADEMY» ғылыми журналы №4(8)2023, 45-58. DOI:10.56032/2523-4684.2023.4.8.45

© 2024 artsacademy.kz