Авторлар өз мақалаларының авторлық құқықтарын сақтайды және Arts Academy журналын жұмыстың алғашқы жарияланым құқығымен қамтамасыз етеді. Жарияланған мақалалар Creative Commons Attribution License бойынша лицензияланады, бұл басқа тұлғаларға жұмыстың авторын көрсете отырып, Arts Academy журналындағы түпнұсқа жарияланымға сілтеме (міндетті түрде) жасай отырып, таратуға мүмкіндік береді.
Ғаламторда жариялау
Авторлар өз жұмыстарын Arts Academy басылымында жарияланғаннан кейін бірден ашық қолжетімділікте жариялауға құқылы (мысалы, оқу орындарының сайтында, жеке сайттарында немесе ғылыми әлеуметтік желілерде). Бұл жарияланған жұмыстың кеңінен талқылануын және оның цитаталық көрсеткішінің өсуін қамтамасыз етеді.
Авторлардың жауапкершілігі
Авторлар ұсынған деректердің дұрыстығы мен сенімділігіне, сондай-ақ дәйексөздер, сілтемелер мен пайдаланылған дереккөздер тізімінің дұрыстығына толық жауапты екенін ескертеміз.
Жариялау ақысы
Arts Academy журналы мақалаларды жариялау үшін ешқандай ақы алмайды.
Келісімнің қабылдануы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 396-бабының 23-бөліміне сәйкес, мақала авторы мақаласын Arts Academy журналының редакциясына жіберу арқылы осы авторлық құқықтар туралы ережелермен толық әрі шартсыз келіседі.