«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мақаланың құрылымы мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеуге қатысты толық нұсқаулықтар осы беттің соңында тіркелген құжаттарда берілген.
Авторлардан оларды жүктеп алып, қолжазбаны дайындау барысында көрсетілген талаптарды қатаң сақтауы сұралады.

 

Сіздің мақалаңыз нақтыланған құрылымға сай болуына назар аударамыз:

  1. ҒТАХР индексі – бірінші беттің жоғарғы жағындағы сол жақ бұрышында.
  2. Бірінші бетте ҒТАХР индексінен кейін ортасында – барлық авторлардың тегі мен аты-жөні, жұмыс орны курсивті шрифтпен; қала және мемлекет (қала және мемлекет, жақша ішінде курсивті) (1 қосымшаны қараңыз).
  3. ӘОЖ классификаторы
  4. Тақырып беттің ортасында. Мақаланың атауы қысқа (10 сөзден артық емес), бірақ мағыналы болуы тиіс. Сондай-ақ, зерттеудің негізгі нәтижесін көрсетуі керек. Тақырып қаралау бас әріппен жазылады, қаріп көлемі 14, мақұлданған қысқартулардан басқа қысқартуларға жол берілмейді.
  5. Аннотация (8-10 сөйлем). Мақаланың тақырыптамасын, практикалық құндылығын, жаңалығын, негізгі қағидалары мен зерттеу қорытындыларын көрсетеді.
  6. Түйінді сөздер (5-7 сөзден көп емес).

Мақала тақырыбы, авторлар жайлы мағлұматтар, аннотация және түйін сөздер 3 тілде курсивпен ұсынылады: қазақ, ағылшын, орыс. Байланыс үшін жауапты автор бірінші көрсетіледі және 1 белгісімен белгіленеді.

  1. Екі бос орыннан кейін, негізгі мәтін жарияланады.

Кiрiспе. Кіріспеде мәселенің ғылымдағы өзектілігін көрсету керек. Тәжірибелік маңызы да көрсетілуі тиіс. Өзектілігі мақаланы жазу барысында ашылуы тиіс.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу жүргізудің ұйымдастырылу тәртібі, қолданылған әдістемелер, сондай-ақ зерттеу нысаны туралы толық ақпарат берілуі тиіс.

Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу.  Әдебиетке шолуда зерттеу барысында автор сүйенген кемінде 8-10 ғылыми дереккөз қамтылуы қажет. Бұл еңбектерге жан-жақты талдау жүргізіліп, авторлардың көзқарастарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар айқындалуы керек. Сондай-ақ, олардың концепцияларын сын тұрғысынан бағалау маңызды. Зерттеу сапасын арттыру үшін отандық және шетелдік басылымдарды қамту ұсынылады. Сонымен қатар, зерттеу аясын кеңейтіп, халықаралық тәжірибе мен әдістерді интеграциялау мақсатында дереккөздердің бір бөлігі ағылшын тілінде болуы қажет.

Әсіресе, КОКСНВО, Scopus, Web of Science, SpringerLink, JSTOR және басқа да халықаралық дәйексөз базаларында индекстелген жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланған еңбектерге ерекше назар аудару қажет. Аталған базалардағы жарияланымдар жоғары ғылыми беделге ие және қатаң сараптамалық стандарттарға сәйкес келетіндіктен, оларды ғылыми зерттеулерде пайдалануға басымдық беріледі.

Зерттеу нәтижелері. Бұл бөлімде зерттеу нәтижелері сипатталып, олардың талдауы беріледі. Жұмыстың жаңашылдығын, ғылыми жаңалығын негіздеңіз, сондай-ақ әлемдік ғылымның дамуына ықпал ететін маңызды тұжырымдарды ашып көрсетіңіз. Бұл зерттеудің ең ауқымды және мазмұнды бөлігі болуы тиіс.

Нәтижелерді талқылау. Алынған деректерге түсіндірме беріңіз. Бұл кезеңде өз зерттеуіңіздің нәтижелеріне объективті көзқараспен қарап, тақырыпты одан әрі зерттеу мүмкіндіктерін айқындау маңызды: алынған нәтижелерді бұрынғы зерттеулермен салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, теориялық және практикалық маңыздылығын атап өтіңіз, сондай-ақ болашақ зерттеулердің әлеуетті бағыттарын ұсыныңыз.

Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда).

Қорытынды. Қорытынды бөлімде мақаланың тұжырымдамасы беріледі. Қорытынды тұжырымдар мақаланың мазмұнын қайталамауы тиіс. Оның орнына, зерттеу нәтижелерінің талдамалық сараптамасын жалпылау қажет.

  1. Негізгі мәтіннен соң, екі бос орыннан кейін Пайдаланылған әдебиеттер тізімі орналастырылады. «Arts Academy» журналы библиографиялық сілтемелерді рәсімдеуде Chicago Manual of Style (Чикаго, автор–жылы, 17-басылым) стилін қолданады.
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен соң авторлар жайында қысқаша мағлұмат көрсетілуі тиіс.

 

Мақаланың ТЕХНИКАЛЫҚ РӘСІМДЕЛУІ келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • Қаріп — Times New Roman, 14 кегль (негізгі мәтінде), 12 кегль (ескертулерде, резюмелерде, суреттер мен кестелердің астындағы жазуларда).
  • Әр беттегі сілтемедегі ескертулер «Word» бағдарламасында «сілтеме» қызметін (ctrl+alt+f) қолдану арқылы қойылады. Жұмыс соңындағы ескертулер қолданбау.
  • Жоларалық интервал — дара.
  • Барлық жағының жиегі — 2 см, ені бойынша түзету.
  • Азат жол 1,25 см бос жермен басталады (бірақ табуляция мен бос орын (пробел) көмегімен емес).
  • Мақала көлемі – 20 - 30 мың таңба (бос орынсыз).
  • Пішімі: Microsoft Word (*.doc, *.docx, *.rtf кеңейтілімдерімен).
  • Азат жолдар аралығы – қалыпты. тырнақшалар – типографиялық «», дәйексөз ішінде – қалыпты тырнақшалар “”.
  • Даталар цифрмен белгіленеді: ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар мен онжылдықтар – араб цифрларымен.
  • Балет терминдері французша жазылады (En dedans, Tendue, Leve).

ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ (ЛАТ.)

  • Кириллицадағы дереккөздерді транслитерациялау үшін ГОСТ 7.79-2000 жүйесі қолданылады.
  • Кириллицадағы дереккөздер References бөлімінде аудармасыз транслитерацияланады.
  • Шетелдік авторлардың аты-жөні түпнұсқа нұсқада беріледі (E. Fischer-Lichte, P. Pavis, F. Nietzsche), яғни транслитерацияланбайды (E. Fisher-Likhte, P. Pavi, F. Nitsshe түрінде жазуға болмайды).
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар үшін References Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналастырылады және толығымен латын әліпбиінде рәсімделеді.
  • Латын әліпбиінен басқа қаріптерде жазылған дереккөздер ISO 9-95 стандартының А жүйесі бойынша транслитерацияланады (https://nauka.kz/upload/files/45._GOST_7.79-2000.pdf).
  • Автоматты (мысалы, https://transliter.ru/autotranslit/ көмегімен) транслитерацияға рұқсат етіледі. Автоматты түрде транслитерациялау кезінде славян емес, бірақ кириллицада жазылған дереккөздерге ерекше назар аудару қажет.

Қазақша

Ә ә

Ғ ғ

Һ һ

Қ қ

Ң ң

Ө ө

Ү ү

Ұ ұ

І і

ISO 9-95

 

Ġ ġ

Ḥ ḥ

N̦ n̦

Ô ô

Ù ù

U̇ u̇

Ì ì

References бөліміндегі библиографиялық сипаттамаларды дұрыс рәсімдеу және транслитерациялау үлгілері:

Оригинал:

References:

Жұбанов А. 1975. Ғасырлар пернесі. (Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы туралы очерктер). – Алматы: Жазушы. – 400 б.

 

Zhubanov A. 1975. Gasyrlar pernesi. (Qazaqtyn khalyq kompozitorarynyng ömiri men tvortchestvosy turaly ocherkter). – Almaty: Zhasushy. – 400 b.

 

Паньшин Б. 2024. Цифровая культура: теория и практика. Наука и инновации 8 (222): 45-51.

Panshin B. 2024. Tsifrovaya kul’tura: teoriya i praktika. Nauka i innovatsii 8 (222): 45-51.

Мақала авторлары мағлұматтың, дәйексөздердің, сілтемелердің және әдебиеттердің нақтылығы мен дәлдігіне толығымен жауапты.

Редакциялық алқа журналдың мәселелеріне және жоғарыда сипатталған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды қарастырмайды.

Мақала файлы келесідей аталуы тиіс: бірінші автордың аты-жөнінің бірінші әріптері (мысалы, Жұматов А.И.doc, Жуматов А.И.doc немесе Zhumatov A.I.doc). Мақалалар жалпы редакциялауға жатады. Ұсынылған мақалалар авторларға қайтарылмайды.

Журнал редакциясына түскен мақалалар ғылыми материалдарды бағалауда объективтілік пен құпиялылықты қамтамасыз ететін қосарлы жасырын («соқыр») рецензиялау рәсімінен өтеді. Рецензенттер, тиісті сала мамандары, редакциямен таңдалады және олар отандық және шетелдік сарапшылар арасынан іріктеледі.

Редакция рецензенттерді өздігінен анықтайды, бұл автордың рецензиялау процесіне әсер ету мүмкіндігін жоққа шығарады. Рецензиялар авторларға берілмейді, бірақ рецензенттердің негізгі қорытындылары мен ұсыныстары авторларға мақаланы түзету немесе сапасын жақсарту үшін қорытындыланған түрде беріледі.

Авторларға мақала мен автор туралы ақпараттың барлығын бір файлда ұсыну және мақаланы рәсімдеу ережелеріне қатаң сәйкестік талап етіледі.

Мақала мәтіні электронды немесе қағаз түрінде https://artsacademy.kz сайтында немесе: 010000, Астана қ., Ұлы дала даңғылы 43, Қазақ ұлттық хореография академиясы, офис №470 мекен-жайында қабылданады.

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу бойынша нұсқаулық

Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар

 

© 2025 artsacademy.kz