Мақаланы ұсыну процесі
Мақала мәтіні электронды немесе қағаз түрінде тапсырылады:
- сайт арқылы https://artsacademy.kz;
- мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Ұлы дала көшесі 43, Қазақ ұлттық хореография академиясы, №470 кеңсе
Сайтқа тіркелу үшін:
- Журналдың сайтына өтіп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» батырмасын басыңыз: https://artsacademy.kz/.
- Тіркелу үшін электронды поштаңызды енгізіңіз. Поштаңызға тіркелу сілтемесі бар хат келеді (Егер хат келмесе, браузерді жауып, қайта ашып көріңіз).
- Хаттағы сілтеме арқылы өтіп, жеке кабинетке кіріңіз.
- Қажетті барлық өрістерді толтырыңыз (аты-жөні, электронды пошта, телефон, мемлекет, қала, құпия сөз). Соңында, екі рөлдің бірін таңдаңыз: автор немесе рецензент.
- Деректерді сақтаңыз.
Мақаланы жіберу үшін:
- Жеке кабинетте, жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Материал жіберу» батырмасын басыңыз.
- Материал жіберу терезесі ашылады.
- Өз рөліңізді таңдаңыз: автор немесе рецензент.
- Барлық қажетті өрістерді толтырыңыз.
- Файлды тіркеңіз. Авторларға мақаланы бір құжатта (бір файлда) ұсыну және мақаланы рәсімдеу ережелеріне дәл сәйкестігін сақтау сұралады.
- «Материалды жіберу» батырмасын басыңыз.
Жариялау мерзімдері
Мақаланы бастапқы рецензиялау мерзімі рецензентке тапсырылған сәттен бастап 1 айдан аспайды.
Қайта рецензиялау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды.
Орташа есеппен:
– қолжазбаны қабылдаған сәттен бастап алғашқы рецензиялау нәтижесі шыққанға дейінгі уақыт – 20 күнтізбелік күн;
– қолжазбаны қабылдаған сәттен бастап мақала журнал сайтында жарияланғанға дейінгі толық мерзім – 50 күнтізбелік күн.
Аталған мерзімдер мақалаға жүргізілетін барлық процесті қамтиды: ғылыми рецензиялау, авторлық түзетулер, редакциялық және техникалық дайындық, сондай-ақ веб-сайтта жариялау.
Мақала жариялануға қабылданғаннан кейін, оның ғылыми құндылығы мен материалдың дайындық деңгейіне байланысты редакциялық кезек тәртібі бойынша жарияланатындығына назар аударамыз. Яғни, рецензиялау сәтті аяқталған жағдайда да, мақала ағымдағы нөмірде емес, кейінгі шығарылымда жарық көруі ықтимал.