«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

Журналдың мақсаттары мен міндеттері

Құрметті авторлар!

«Arts Academy» ғылыми журналы сіздерді «өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша зерттеулеріңіздің нәтижелерін жариялауға шақырады.

Өнер — әрқашан қоғамдағы этикалық-эстетикалық, әлеуметтік-мәдени және технологиялық өзгерістердің нәзік резонаторы мен катализаторы. Қазіргі заманғы өнер, сондай-ақ жаһандық гуманитарлық әлем құрылымының қайта құру үдерістерінен тыс қалуы мүмкін емес. Біз авторларды мәдениетте, өнерде және адам өмірінің өнермен байланысты басқа да салаларындағы трансформациялық үдерістердің сипатын көркем түрде көрсетіп, осы шығармашылық әлемдегі тұлғаның орнын анықтауға шақырамыз. Сонымен қатар, дәстүрді сақтау немесе бұзу мақсатында жасалған ерекше көркем құбылыстарды ғылыми дискурсқа енгізу ұсынылады. Өнер мен гуманитарлық ғылымдардың дамуы бойынша отандық және халықаралық тәжірибелерді салыстыруға арналған мақалаларға ерекше назар аударылады.

«Arts Academy» журналының басты мақсаты өнер теориясы мен тарихы салаларында, сондай-ақ мәдениетпен байланысты гуманитарлық пәндер бойынша жүргізілген түпнұсқа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау.

Журналдың негізгі мақсатымен бірге редакция келесі міндеттерді көздейді:

  • қазақстандық өнер мәселелерін жаһандық даму үрдістері аясында зерделеу,

  • өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулерге қызығушылықты арттыру,

  • ғылыми жетістіктерді білім беру процесіне енгізу,

  • қазақстандық және шетелдік ғалымдардың өнер саласындағы заманауи ғылыми зерттеулері жөніндегі ақпаратты тарату және алмасу, сондай-ақ жаңа авторларды шақыру.

«Arts Academy» ғылыми журналы DOAJ, Google Scholar, Budapest Open Access Initiative, Crossref,  eLIBRARY, «КиберЛенинка», CC BY, I4OC, ROAD халықаралық базаларында индекстеледі.

Сіздердің ғылыми еңбектеріңіз Қазақстанның ғылыми ортасы мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз! Мақалаларыңызды журналымызда көруге қуаныштымыз.

© 2025 artsacademy.kz