«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры А. Асылмуратова / Rector Kazakh national academy of choreography A. Assylmuratova / Ректор Казахской национальной академии хореографии А. Асылмуратова

07 маусым 2022 ж.
Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры А. Асылмуратова / Rector Kazakh national academy of choreography A. Assylmuratova / Ректор Казахской национальной академии хореографии А. Асылмуратова
PDF форматындағы нөмір - Жүктеп алу
PDF мақаласы - Жүктеп алу

«Arts Academy» журналының Үндістан мәдениетіне арналған шығарылымына қош келдіңіздер! Ұсынылып отырған «Arts Academy» нөмірінің бірегейлігі – бұл Қазақ ұлттық хореография академиясының журналындағы жеке бір елдің мәдениетін таныстыру бойынша алғашқы тәжірибе. Философтар ежелден ең жұмбақ, рухани, «қымбат» жер санаған Үндістан елінің осы қызықты және өте маңызды жобаға бастамашы болғаны тамаша оқиға. Барлық авторлардың өз шығармашылығын сүйетін, жарқын, әсерлі, шын жүректен жазатын жас зерттеушілер екендігі көңіл қуантарлық жайт. Әрбір жұмыста тарихқа ерекше көзқарас, дәстүрлер мен құндылықтарға құрмет көрінеді, замандастарымыздың дәстүрлі өнер түрлерін сақтап қалу және дамыту мәселелері немесе айқын мысалдары туралы не жазса да, халықтың тағдыры мен тарихына өздерінің қатысын толық түсінетіндігі байқалады. Егер оқырмандарымыз рухани ағартуға, мейірімділікке және шынайы төзімділікке деген талпынысқа негізделген Үндістанның ежелгі дініне, философиясы мен өнеріне шынайы қызығушылық танытқан болса, онда осы журналдағы жұмыс сәтті өтті деп есептейміз. Менің нақты білетінім: құндылықтарды жастардың бойына сіңіргенде, өнер мен шығармашылық мәңгі жасайды. Қазіргі замандастарымыз «халық рухы» деп аталатын ұғымды мұра етіп қалдырғанда, прогрестің сөзсіз болатынына сенімдіміз.

Қазақ ұлттық хореография академиясының
ректоры
А. Асылмуратова

Welcome to the scientific journal «Arts Academy» dedicated to the culture of India! The uniqueness of the proposed issue of «Arts Academy» is that this is the first experience of presenting the culture of one particular country on the site of the scientific journal of the Kazakh national academy of choreography. It is also remarkable that the beginning of this interesting and very important project was laid by India, a country that philosophers have long called the most mysterious and spiritual land, "precious India". It is especially touching that all authors are young researchers, passionate about their work, writing vividly, emotionally and sincerely. Each work shows a careful attitude to history, respect for traditions and values, an absolute understanding of one's involvement in the fate and history of the people is felt, no matter what our contemporaries write about: problems or positive examples of the preservation and development of traditional arts. We will consider our efforts on this journal accomplished if a reader develops a sincere interest in India with its ancient religion, philosophy and art, based on striving for spiritual Enlightenment, kindness and true tolerance. I know when values are passed on to the youth, there will be space for the art and creativity for sure. And we are absolutely convinced that when contemporaries actively inherit what is called the "spirit of the people", progress is inevitable.

Rector
Kazakh national academy of choreography
A. Assylmuratova

Рады приветствовать каждого из вас на страницах журнала «Arts Academy», посвященного культуре Индии! Уникальность предлагаемого номера «Arts Academy» заключается в том, что это первый опыт презентации культуры одной отдельно взятой страны на площадке журнала Казахской национальной академии хореографии. Замечателен и тот факт, что начало этому интересному и очень важному проекту положила Индия – страна, которую философы издавна нарекли самой загадочной и духовной землей, «драгоценной Индией». Особенно трогает тот факт, что все авторы – молодые исследователи, увлеченные своим творчеством, пишущие ярко, эмоционально, искренне. В каждой работе сквозит бережное отношение к истории, уважение к традициям и ценностям, чувствуется абсолютное понимание своей причастности к судьбе и истории народа, о чем бы ни писали наши современники: о проблемах или позитивных примерах сохранения и развития традиционных видов искусств. Мы будем считать работу над этим журналом состоявшейся, если у нашего читателя обозначится искренний интерес к Индии с ее древнейшей религией, философией и искусством, основанных на устремленности к духовному Просветлению, доброте и истинной толерантности. Точно знаю: когда ценности передаются молодым, искусству и творчеству – быть. И мы абсолютно убеждены в том, что когда современники активно наследуют то, что называют «духом народа», прогресс неизбежен.

Ректор
Казахской национальной академии хореографии
А. Асылмуратова

© 2024 artsacademy.kz