«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

«Arts Academy» ғылыми-журналына мақалалар қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Arts Academy» ғылыми-журналына мақалалар қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Басылым келесі өзекті мәселелерге арналады:

• би өнері тарихы,
• хореография педагогикасы,
• өнертану,
• заманауи мәдениет,
• өнер және білім менеджменті,
• әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар.


Басылымға ғалымдар, жоғарғы оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің оқытушылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар, сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша жұмыс жасап жүрген ЖОО-ның жоғарғы курс студенттері шақырылады.

Журналдың үшінші санына мақалалар 2017 жылдың 15 тамызына (қоса алғанда) дейін қабылданады. Кешігіп жіберілген баяндамалар журналдың келесі санына қарастырылады.

Мақала мәтіні электронды түрде және қағаз бетінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Ұлы дала к-сі 9, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Редакциялық-баспа бөлімі немесе e-mail: artsballet01@gmail.com

Журнал нөмірлері

© 2024 artsacademy.kz