«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

«Халық биінің қазіргі жағдайы және даму жолдары» атты жоба

«Халық биінің қазіргі жағдайы және даму жолдары» атты жоба

ҚҰРМЕТТІ АВТОР!

Қазақ ұлттық хореография академиясының «Arts Academy» ғылыми журналының редакциялық алқасы Cіздерге серіктестік үшін алғыс білдіреді. Біз Сіздердің жұмыстарыңызды дәріптеу бағытында журналымыз лайықты жұмыс атқаруда деп сенеміз.


Сіздерді "ХАЛЫҚ БИІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ" атты жобасына қатысуға шақырамыз.

Жоба 2 кезеңде өткізіледі:

· бірінші кезең – "Arts Academy" ғылыми журналының кезекті санында әр ел мамандарының халықтық би мәдениетінің өзекті мәселелеріне (тарихы, генеалогиясы, қазіргі жағдайы) арналған баяндамаларын жариялау;

· екінші кезең – осы тақырыпқа арналған барлық авторлар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен өткізілетін онлайн-конференция (конференция журналдың тақырыптық нөмірі шығып, таратылғаннан кейін өткізіледі).

Бұл жобаның қатысушылары әр елдегі халық биінің дамуына өз үлесін қосып жүрген нағыз жанашыр мамандар болмақ.

Сізді осы жобаға қатысуға шақырамыз!

Сіздердің баяндамаларыңызды асыға күтеміз!

Журналдың редакциялық алқасы жобаның барысы туралы хабарлауды өз міндетіне алады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 1 қараша 2018 ж.  15 ақпан 2019 ж.

Баяндамаларды тапсыру мерзімі:  31 қаңтар 2019 ж.

Сұрақтар бойынша: 8 (7172) 790-832 / 8 701 428 77 45 / artsballet01@gmail.com

Журнал нөмірлері

© 2024 artsacademy.kz