«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

Рецензиялау ережелер

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер «Arts Academy» журналының редакциясына келіп түскен ғылыми мақалалардың рецензиялау тәртібін сипаттайды. Бұл тәртіп журналда жарияланатын мақалалардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Рецензия ұсынылған мақаланың артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты және объективті тұрғыда бағалауға, сараптауға мүмкіндік береді.

1.2. Бір ғылыми мақаланы рецензиялауға кемінде бір сыртқы және бір ішкі рецензент қатысады. Әдетте, олар – ғылыми дәрежесі, құрметті атағы немесе мемлекеттік наградасы бар, мақалада көрсетілген ғылыми бағыт бойынша жеткілікті ғылыми тәжірибеге ие, сондай-ақ журнал редакциясы тарапынан жарияланатын материалдарға қойылатын талаптармен таныс мамандар..
1.3. Екі жақты жасырын рецензиялау авторлар мен рецензенттер арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмауға бағытталған.
1.4. Рецензия көлеміне регламент белгіленбеген, бірақ, әдетте, 1-2 бетті құрайды (TXT, MS Office немесе Open Office).
1.5.Рецензенттердің аты-жөні мен жұмыс орны редакция тарапынан жарияланбайды. 

1.6.Ұсынылатын рецензиялардың саны редакциямен айқындалады. 

1.7. «Arts Academy» журналында мақалаларды рецензиялау ақысыз негізде жүзеге асырылады.


2. Рецензиялау тәртібі

2.1. Мақалалар журналдың ресми сайты арқылы қабылданады. Редакция мүшелері мақаланы техникалық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Егер мақала талаптарға сәйкес келмесе, мақала авторға түзетулер енгізу үшін қайтарылады. Автор қажетті түзетулерді енгізгеннен кейін мақала рецензенттерге жолданады.
2.2. Рецензиялау мерзімі мақаланың рецензентке жіберілген күнінен бастап бір айдан аспайды. Қайта рецензиялау жағдайында мерзім 15 жұмыс күнімен шектеледі.
2.3. Рецензент рецензияны журнал сайтында ұсынылған редакциялық үлгі бойынша ұсынады. Егер рецензент мақалаға ескертулер енгізіп, оны қайта қарау қажеттігін көрсетсе, мақала авторға өңдеуге қайтарылады. Түзетілген нұсқа рецензентке қайта жолданады. Егер рецензент мақаланы ескертусіз жариялауға ұсынса, ол редакторларға беріледі. Рецензент мақаланы жариялауға ұсынбаған жағдайда, мақала басылым кезегінен алынып тасталады.

2.4. Рецензиялар авторларға журнал редакциясы арқылы жолданады, автор мен рецензент арасындағы тікелей байланыс орнатылмайды.

2.5. Редакция рецензентке қатысты мәліметтерді жария етпейді.

2.6. Мақала авторы рецензия нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өз қарсылығын дәлелді түрде жолдай алады. Мақаланы әрі қарай рецензиялау туралы шешімді редакциялық кеңестің төрағасы немесе бас редактор қабылдайды.

3. Рецензия құрамы

3.1. Рецензияда келесі бағалау өлшемдері қамтылуы тиіс:

  • мақалада қарастырылған мәселелердің өзектілігі;
  • нәтижелердің мақала тақырыбына сәйкес келуі;
  • әдебиеттерге шолу толықтығы, пайдаланылған дереккөздерге сілтемелердің рәсімделуінің белгіленген стандарттарға сәйкестігі;
  • автордың (авторлар ұжымының) ғылыми үлесі: мақалада келтірілген жаңа ғылыми нәтижелердің болуы және олардың маңыздылығы;
  • қорытындылардың негізділігі;
  • қолданылған терминологияның дұрыстығы, баяндаудың анықтылығы мен ғылыми стильге сәйкестігі.

3.2. Редакция мен авторлар (автор) үшін рецензияны қарастыруды жеңілдету мақсатында ескертулер мен ұсыныстар топтастырылып берілуі тиіс.
Рецензия келесідей ұсыныстардың бірін қамтуы қажет:

  • мақаланы өзгеріссіз жариялау;
  • автор өзгерістер енгізген соң жариялау (қайта рецензиялаусыз немесе қайта рецензиялаудан кейін);
  • мақаланы жариялаудан бас тарту.

3.3. Мақаланы жариялауға қатысты соңғы шешімді редакция рецензия(лар) нәтижесіне сүйене отырып қабылдайды.
3.4. Рецензиялау процесі журналдың сайты арқылы жүзеге асырылады artsacademy.kz 
3.5. Барлық шолулар редакцияда электрондық нұсқада сақталады. Барлық рецензиялар журнал сайтында электрондық түрде сақталады. Рецензия көшірмелері Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (МҒТС ҰО) мен ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК сұрауы бойынша ұсынылады.

© 2025 artsacademy.kz