«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

Автордың жарияланым этикасы

Автордың ғылыми этикасы келесі әрекеттерге қатаң тыйым салады:

1. деректерді қолдан жасау, бұрмалау немесе ұнамсыз нәтижелерді жасыру арқылы манипуляция жасау, суреттер мен иллюстрацияларды өзгерту немесе бұрмалау;

2. басқа авторлардың авторлық құқықпен қорғалатын еңбектеріне, елеулі ғылыми жаңалықтарға, гипотезаларға, теорияларға немесе зерттеу әдістеріне қатысты зияткерлік меншік құқықтарын бұзу:

  • рұқсатсыз пайдалану, оның ішінде плагиат жасау;

  • зерттеу әдістерін немесе идеяларды ұрлау (мамандардың пікірінше, заңсыз иемдену);

  • ғылыми авторлықты немесе қосалқы авторлықты заңсыз иемдену, не авторлықты дәлелсіз тағайындау; басқа адамның еңбегінің элементтерін – мысалы, сурет, кесте немесе мәтін үзіндісін – авторын көрсетпей, сілтемесіз немесе тырнақшасыз қолдану. Мұндай жағдайда авторлар авторлық құқық иесінен рұқсат алуы тиіс;

  • мазмұнды бұрмалау немесе жалған мәлімет беру;

  • жарияланбаған еңбектерге, зерттеу нәтижелеріне, гипотезаларға, теорияларға немесе әдістерге рұқсатсыз қол жеткізу немесе үшінші тарапқа тарату;

  • басқа адамның келісімінсіз (со)авторлыққа үміткер болу;

  • басқа біреудің шығармасын тиісті сілтемесіз жазу, яғни бір немесе бірнеше сөйлем басқа құрылыммен немесе ретпен беріліп, бастапқы дереккөз көрсетілмеген жағдайда. Мұндай қате парафраздау – дербес мәтінді көшірумен теңестіріледі;

  • ғылыми мақаланы жазу үшін жасанды интеллект (ЖИ) қолдану; егер ЖИ тек сынақ мақсатында пайдаланылса, онда қолданылған қосымшаға сілтеме берілуі тиіс.

Егер қолжазбаның кейбір элементтері бұған дейін басқа мақалада жарияланған болса, авторлар алдыңғы жұмысқа сілтеме жасауға міндетті. Сонымен қатар, жаңа жұмыстың бұрынғы еңбектен айырмашылығын және оның бұрынғы зерттеу нәтижелерімен байланысын нақты көрсетуі қажет.
Өз еңбектерін сөзбе-сөз көшіру немесе парафраз жасау – этикалық нормаларға қайшы.

© 2025 artsacademy.kz