«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

Рецензенттің жарияланым этикасы

Рецензент авторлық материалдарға ғылыми сараптама жүргізеді, сондықтан оның әрекеттері келесі қағидаларды сақтай отырып, бейтарап әрі объективті сипатта болуы тиіс:

  • Рецензиялауға алынған қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады және редакция тарапынан арнайы рұқсат берілмесе, оны үшінші тұлғаларға көрсетуге немесе талқылауға жол берілмейді.

  • Рецензент зерттеу нәтижелеріне объективті және дәлелді баға береді. Авторға қатысты жеке сипаттағы сын айтуға жол берілмейді.

  • Бағалауға жіберілген қолжазбадан алынған жарияланбаған деректерді рецензент жеке мақсатта пайдалануға құқығы жоқ.

  • Егер рецензент өз біліктілігі бұл жұмысты бағалауға жеткіліксіз деп есептесе немесе мүдделер қақтығысы (мысалы, автормен немесе ұйыммен байланысты болуы) себепті объективті бола алмайтын жағдайда, ол бұл туралы редакцияға хабарлап, өзін рецензиялау үдерісінен шығаруды сұрауы тиіс.

Плагиат қатысты саясат

Журнал редакциясы ғылыми этика стандарттарын ұстанады және авторлардың беделін қорғауға ерекше мән береді. Плагиатқа қатысты кез келген айыптау зерттеушінің ғылыми мансабына кері әсер етуі мүмкін болғандықтан, редакция бұл мәселеге өте мұқият қарайды.

Мұндай жағдайлар туындаған кезде, редакция плагиатқа қатысты шағымдарды қарастыру және жауап беру үшін арнайы рәсімдерді қолданады.

Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында, редакция әрбір жағдайды мұқият зерттейдіі және барлық мүдделі тараптардың дәлелдерін қарастырады. Шешім қабылданбас бұрын, редакция даулы жарияланым авторларынан немесе авторлық құқық иелерінен нақты әрі шынайы ақпарат алуға ұмтылады және оны жан-жақты зерттейді.

Сонымен қатар, егер айыптаушы жалған жеке ақпарат ұсынса (мысалы, ойдан шығарылған есіммен жазса) немесе бейэтикалық, үрейлі сипатта әрекет етсе, редакция мұндай шағымдарға жауап бермеуге құқылы. Сондай-ақ, редакцияплагиатқа бұл мәселені тікелей қатысы жоқ тұлғалармен  талқылауға міндетті емес.

© 2025 artsacademy.kz