«Arts Academy» – қазіргі заманғы ғылым талаптарына сай, өнер теориясы мен тарихы, сондай-ақ мәдениетпен байланысты гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеу нәтижелерін жариялауға маманданған ғылыми журнал. Журналда халықаралық ғылыми стандарттарға сәйкес келетін, өзекті ғылыми мәселелерді қамтитын мақалалар жарияланады. Жарияланым тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері.
«Arts Academy» журналының редакциялық саясаты ғылыми қызмет этикасымен тығыз байланысты. Редакциялық саясатта ғалымдардың өз жұмыстарын дайындау кезінде ұстануы тиіс принциптер мен талаптардың кешені баяндалады.
«Arts Academy» журналын рецензияланатын және дәйексөз келтірілетін журналдардың қатарына қосу жоспарланған, бұл редакциялық алқаны маңызды моральдық-этикалық принциптер мен ұйымдастырушылық нормаларды сақтауға міндеттейді.
«Arts Academy» журналының редакциясы ғылыми жарияланымдардың халықаралық этикалық стандарттарын басшылыққа алады. Оларға Ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінің (Committee on Publication Ethics/COPE) ұсыныстары, Ғылыми жарияланымдар этикасы бойынша нұсқаулықтың (Publishing Ethics Resource Kit) принциптері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 529 бұйрығымен бекітілген Ғылыми этиканың үлгілік ережелері жатады.
Редакция зерттеу қызметінің этикалық нормаларына, құндылықтарына және принциптеріне адал. Редакцияға келіп түскен қолжазба құпия құжат ретінде қаралады. Редакция және редакциялық алқа қабылданған қолжазба туралы ақпаратты рецензенттерден басқа тұлғаларға ашпайды.
Редакция авторлар жіберген мақалаларды қабылдап, журнал тақырыбына, мақаланы рәсімдеу талаптарына сәйкестігін талдайды. Егер қолжазба талаптарға сәйкес келмесе, ол авторға(ларға) түзетуге жіберіледі. Журнал редакторлары қолжазбалардың интеллектуалды мазмұнын авторлардың нәсіліне, жынысына, жыныстық бағытына, діни көзқарасына, шығу тегіне, азаматтығына немесе саяси көзқарастарына қарамастан, бірдей бағалайды. Рецензенттерге «Мақаланы рәсімдеу талаптары» бөлімінде көрсетілген стандарттарға сәйкес рәсімделген жұмыс жіберіледі.
Редакция тиісті біліктілігі немесе жұмыс тәжірибесі бар рецензенттерді табады. Мақаланың рецензиялау процесі ғылыми сала ерекшеліктерін және мамандар санының аздығын ескере отырып, барынша дұрыс ұйымдастырылады. Рецензиялау үшін Қазақстан мен шетелдік мамандарды тартуға тырысады. Қосарланған соқыр рецензиялау шартына сәйкес, редакция автордың рецензенттер үшін, рецензенттердің автор үшін толық анонимділігін сақтайды. Рецензенттер қолжазбадан алынған мәліметтерді болашақ қызметінде пайдаланбауға міндеттеледі.
Редакция мақалаға екі рецензенттің оң бағасы болған жағдайда, оны жариялауға қабылдайды. Егер рецензенттердің бағасы қарама-қайшы болса (бір оң және бір теріс), редакциялық алқа екі тараптың дәлелдерін қарап, мақала мен оның түзету нұсқалары бойынша ұжымдық шешім қабылдайды және авторды хабардар етеді.
Егер маңызды мәселелер анықталса, редакция жарияланымды тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін: автордың этикаға сай емес мінез-құлқы, қателер немесе жаңылыстыратын мәлімдемелер, мақала материалдарын бір мезгілде басқа ғылыми жинаққа ұсыну туралы ақпарат (мұндай жағдайда редакция мақаланың қатар жарияланған журналына немесе жинағына тоқтату себебі туралы хабарлама жібереді). Қолжазбаны қарау немесе баспаға дейінгі дайындық кезінде автордың этикаға қайшы әрекеттері анықталса, редакция қолжазбаны одан әрі қараудан алып тастауға және автормен ынтымақтастықты тоқтатуға құқылы (автордың этикаға қайшы мінез-құлқы туралы білім беру мекемесінің басшысына немесе жұмыс берушісіне хабарлама жіберіледі). Егер мақаласы жарияланғаннан кейін автордың этикаға қайшы әрекеті анықталса (параллель жарияланым, авторлық құқықты бұзу, плагиат және т.б.), редакция мақаланы журнал сайтынан, мұрағаттау және ғылыми индекстеу деректер базасынан алып тастау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Редакциялық этика жаңартылған жағдайда, редакция бұл туралы ақпаратты сайттың тиісті бөлімдерінде орналастырады.
Ғылыми журналдың редакциялық саясатының негізгі принциптері
Журнал редакциясы жариялануға жіберілген жұмыстардың иелерінің авторлық құқықтарын құрметтейді, олар келесі заңдар жинағымен қорғалған:
«Arts Academy» журналының редакциялық алқасы авторлық құқықты сақтай отырып, авторлардың этикалық талаптарын және Creative Commons Attribution License шарттарын міндетті түрде орындауды талап етеді, бұл жұмыс авторлығын және түпнұсқа жарияланымға сілтемені сақтай отырып, кеңінен таратуға мүмкіндік береді.
ARTS ACADEMY журналы редакциясы ғылыми мақалалардың сапасын арттыру және рецензиялаудан бастап жариялауға дейінгі барлық кезеңдердің әділ әрі ашық болуын қамтамасыз ету үшін, редакторлар, авторлар және рецензенттер үшін бірыңғай және нақты ережелердің болуы аса маңызды деп санайды.
Осыған байланысты, төменде көрсетілген кәсіби және этикалық міндеттерді сақтау талап етіледі:
Редакторлардың міндеттері
Авторлардың міндеттері
Рецензенттердің міндеттері
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Журнал редакциясы академиялық адалдық пен ғылыми этика қағидаттарын ұстанады. Генеративті жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының кең таралуына байланысты, редакция қолжазбаларды әзірлеу кезінде оларды пайдалануға қатысты қатаң талаптар енгізеді.
Жасанды интеллект (ЖИ) – тілдік өңдеу, деректерді талдау, кескіндер мен мәтіндерді генерациялау сияқты міндеттерді орындай алатын алгоритмдік сандық жүйелер.
Генеративті жасанды интеллект (ГЖИ) — бұрын үйретілген деректер жиынтығы негізінде жаңа контент (мәтіндер, суреттер, аудиоматериалдар және т.б.) жасай алатын ЖИ-дің бір түрі. ChatGPT сияқты құралдар осы санатқа жатады. Алайда мұндай жүйелер мазмұнның мәнін түсінбейді, ғылыми фактілердің дұрыстығын тексере алмайды және жалған ақпарат ұсынуы мүмкін.
3. Ғылыми мақаланың келесі бөлімдерінде ЖИ қолдануға қатаң тыйым салынады:
Аталған бөлімдер автордың дербес ғылыми үлесін толық көрсетуі тиіс. Кез келген автоматты генерация немесе цифрлық жүйелер тарапынан ұсынылған мәтіндер академиялық этика нормаларын бұзу ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ, ЖИ келесі мақсаттарда қолдануға болмайды:
ЖИ тек техникалық және мазмұндық емес міндеттерді орындау үшін және редакцияның алдын ала рұқсатымен ғана қолданылуы мүмкін.
Авторлар ЖИ-ді кез келген мақсатта қолданғанын ілеспе хатта (cover letter) міндетті түрде көрсетуге тиіс.
Егер рецензиялау немесе редакциялық сараптама барысында ЖИ қолданылғаны анықталып, бұл факт жарияланбаса, редакция мақаланы қайта қараусыз кері қайтару құқығын өзіне қалдырады.
ЖИ құралдары ешбір жағдайда авторлар қатарында көрсетілмеуі тиіс. Мақала мазмұнының дұрыстығы мен түпнұсқалығы үшін толық жауапкершілік авторға жүктеледі.
Журналға келіп түскен барлық мақалалар міндетті түрде төмендегі тексерістерден өтеді:
Егер автоматтандырылған мәтіндердің жоғары үлесі; үлгілік (шаблондық) формулировкалар; статистикалық негізде жасалған фразалар анықталса, редакция:
Авторлар:
сияқты академиялық және құқықтық талаптарды міндетті түрде орындауы тиіс.
ЖИ келесі мақсаттарда пайдаланылмауы керек:
Журнал редакциясы ғылыми прогресті қолдайды, бірақ жасанды интеллект технологияларын жауапты және шектеулі түрде қолдану қажеттігін баса айтады. Басымдық — ғылыми ойлау түпнұсқалығына, этикалық жауапкершілікке және зерттеу әдістерінің ашықтығына беріледі.