«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы

Кіру

Электрондық поштаңызды енгізіңіз

Біз сізге сайтқа кіру үшін сілтеме жібереміз.

Меню

«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы №1(18-1)2021

26 наурыз 2021
«ARTS ACADEMY» ғылыми журналы №1(18-1)2021
PDF форматындағы нөмір - Жүктеп алу

Құрметті оқырман, «Arts Academy» журналының 2021 жылғы алғашқы нөмірін осы жылы өзінің мерейтойын атап өтетін, әлемге әйгілі балерина – Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Абдуахимқызы Асылмұратоваға арнаймыз!

Алтынай Асылмұратовамен жеке танысу бақытына ие болғандар – сахнада мінсіз Балерина ретінде көрген, дарынды мұғалім-тәлімгер ретінде тәжірибе алған, таңғажайып шыдамдылық пен көрегендіктің топ-менеджері ретінде бір командада жұмыс істегендер осы шексіз қарапайым және талантты адамның сүйкімділігінің күші осындай із қалдырады деп нақты айта алады, онымен алғаш кездескен кезден оның негізгі өмірлік құндылықтарын мәңгі қабылдайсың: өзіңнің кәсіби деңгейіңе талап қоя білесің, адамдарға мейіріммен, ілтипатпен, сүйіспеншілікпен қарайсың…

Бұл арнайы шығарылымда Алтынай Абдуахимқызымен таныс авторлардың мақалалары жарияланды. Әр автордың Алтынай Асылмұратоватуралы өз көзқарасы бар. Авторлардың бірі балеринаның аңызға айналған отбасына баса назар аудара отырып, оның жолына сипаттама береді, екіншісі оның әлемдік даңқының шарықтау кезеңі туралы жазады, кейбір мақала авторы үшін жолдастық тақырыбы жақын болды, ал басқалар үшін Алтынай Абдуахимқызының есімі – Қазақ ұлттық хореография академиясының табыс кепілі.

А.А. Асылмұратоваға арналған «Arts Academy» журналының арнайы шығарылымы бір реттік мерейтойлық акция болып қалмайтынын біз нақты білеміз. Құрметті оқырмандар, Сіздермен бірге қалыптастырып жатқан үлкен жобаның мақсаты – Уақыт, Тұлға және Балет туралы қызықты полилог құру. Алтынай Абдуахимқызы Асылмұратованың көпвекторлы шығармашылығы туралы естеліктеріңізбен, ойларыңызбен, ғылыми шолуларыңызбен бөліскіңіз келсе, біз қуаныштымыз. Сіздерді шығармашылыққа шақырамыз!

Журнал нөмірлері

© 2024 artsacademy.kz