ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Басылымға ғалымдар, жоғарғы оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің оқытушылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар, сонымен қатар ЖОО-ның жоғарғы курс студенттері шақырылады.
Мақалаға қойылатын талаптар
Мақала көлемі — 20 мың таңбадан бастап (5 беттен бастап - 10 бетке дейін). Пішімі: компьютермен Microsoft Word 2000, 2003, 2007, 2010 (*.doc, *.docx, *.rtf кеңейтілімдерімен) пішімімен басылған; қаріп — Times New Roman немесе Times Kaz, негізгі мәтінде 14 кегль, ескертулерде, резюмелерде, суреттер мен кестелердің астындағы жазуларда — 12. Жоларалық интервал — дара, барлық жағының жиегі — 2 см, ені бойынша түзету.
Мақалада төмендегі мәліметтер болуы тиіс:
1. ҒТАХР http://grnti.ru/ индексі – бірінші беттің жоғарғы жағындағы сол жақ бұрышында.
2. Бірінші бетте тақырыптың үстіңгі оң жағында – барлық авторлардың тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері.
3. Тақырып беттің ортасында. Мақаланың атауы қысқа (10 сөзден артық емес), бірақ мағыналы болуы тиіс. Сондай-ақ, зерттеудің негізгі нәтижесін көрсетуі керек. Тақырып қаралау бас әріппен жазылады, қаріп көлемі 14, мақұлданған қысқартулардан басқа қысқартуларға жол берілмейді.
4. Аннотация (10 сөйлемнен кем емес). Мақаланың тақырыптамасын, практикалық құндылығын, жаңалығын, негізгі қағидалары мен зерттеу қорытындыларын көрсетеді.
5. Тірек сөздер (9 сөзден артық емес).
6. Авторлар жайлы қысқаша мағлұмат.
Мақала мәтіні электронды түрде немесе қағаз бетінде мына мекен-жай бойынша қабылданады:
010000, Астана қ., Ұлы дала к-сі 9, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Редакциялық-басылым бөлімі немесе e-mail: artsballet01@gmail.com
http://artsacademy.kz
тел.: 8(7172)790-832