1. Жалпы ережелер
1.1. Рецензиялау рәсімі «Arts Academy» журналында жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ететіндіктен берілген ережелер редакцияға келіп түскен мақалаларды рецензиялау рәсімін анықтайды. Реценезиялау барысында ұсынылған мақалаға жан-жақты әрі әділ баға беріліп қана қоймай, жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасалады.
1.2. Рецензиялауға журналдың редакциялық алқасымен қатар, кандидат немесе доктор ғылыми атағына ие, мақаланың ғылыми бағытында үлкен тәжірибесі бар, журнал талаптарымен таныс басқа рецензенттер де қатысады.
1.3. Рецензент пен автор арасындағы «мүдделер қайшылығын» болдырмау үшін рецензент мақала авторымен бір мекемеден болмауы тиіс.
1.4. Рецензия көлеміне регламент белгіленбеген, бірақ, әдетте, 1-2 бетті құрайды (TXT, MS Office немесе Open Office).
1.5. Мақаланың қолжазбасы редакцияға келіп түскенде барлық авторлар рецензиялау рәсімі жайлы ескертіледі. Рецензенттердің аты-жөні мен жұмыс орны жария етілмейді.
1.6. Рецензиялар санын редакция анықтайды.
1.7. «Arts Academy» журналында мақалаларды рецензиялауға ақы алынбайды.
2. Рецензиялау тәртібі
2.1. Редакцияға келіп түскен мақалалар алдымен тіркеледі, кейін олармен редакциялық алқаның төрағасы танысады.
2.2. Редакциялық алқаның төрағасы рецензент кандидатурасын бекіткеннен кейін, жауапты редактор оған мақаланы басылып шығарылған және электронды түрде ілеспе хатпен қоса жібереді.
2.3. Рецензиялау ұзақтығы рецензент мақаланы қабылдаған күннен бастап бір айдан аспауы керек.
2.4. Рецензент мақалаға рецензияны ерікті түрде немесе редакция ұсынған үлгіде рәсімдейді. Рецензия мәтіні редакцияға рецензент қолы қойылған басылып шығарылған түрде немесе рецензенттің пошталық мекен-жайынан электронды түрде ұсынылады.
2.5. Редакциялық алқа рецензия мазмұнын қарастырған соң, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
2.6. Мақала авторы міндетті түрде рецензиямен танысады. Редакцияның жауапты хатшысы авторға рецензия мәтіні мен ілеспе хатты, сондай-ақ, редактор ескертулері жазылған мәтінді жібереді. Редактор ескертулері толықтыруды және түзетулерді қажет етеді.
2.7. Редакция рецензент жайлы деректерді жария етпейді.
2.8. Рецензия авторға басылып шығарылған түрде жіберіледі. Оқылғаны жөнінде хабарлама алынатын жағдайда электронды поштамен жіберіледі. Автордың рецензияны қабылдауы автордың мәтінмен танысқандығы болып табылады.
2.9. Мақала авторы рецензиялау нәтижесімен келіспеуі мүмкін. Ондай жағдайда кейінгі рецензиялау жөніндегі шешімді редакциялық алқа төрағасы немесе бас редактор қабылдайды.
2.10. Автор рецензент ескертулерін қабылдаған жағдайда мақалаға өзгерістер енгізіп, қайта ұсынуға құқылы. Авторға рецензент ескертулеріне жазбаша жауап жіберу ұсынылады. Мақала редакцияға қайта жіберілген жағдайда, рецензиялау рәсімі қайталанады. Мақаланың редакцияға келіп түскен күні болып түзетуден кейін жіберілген күні саналады.
2.11. Редакторлық түзетулерді ғана қажет ететін болмашы ескертулер болған жағдайда, автордың келісімімен мақаланы жариялауға қабылдау шешімі қабылдануы мүмкін.
3. Рецензия құрамы
3.1. Рецензия ерікті түрде жазылады, бірақ міндетті түрде келесі мәселелерге баға берілуі тиіс:
3.2. Барлық ескертулер редакцияның және автордың қарастыруына ыңғайлы болуы үшін тармақтар бойынша топталады.
Рецензия соңында ұсыныстар берілуі тиіс:
3.3. Мақаланы қабылдау мүмкіндігі жайлы соңғы шешімді рецензия мен мақала авторының жауабын есепке ала отырып, редакциялық алқа қабылдайды.
3.4. Рецензиялау процесі журналдың сайты арқылы жүзеге асырылады artsacademy.kz
3.5. Барлық шолулар редакцияда электрондық нұсқада сақталады. Рецензиялардың көшірмелері МҒТС ҰО және ҚР МҒМ ҰБО КОК-да есепке алу кезінде ұсынылады.